ҚАЛҚАМАН САРИН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» https://youtu.be/AW8c7KyIXNk » Средняя общеобразовательная школа № 26
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№26 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(7222) 50-18-26
bookkeeping:
+7(7222) 50-24-55
Version for
visually impaired
» » ҚАЛҚАМАН САРИН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» https://youtu.be/AW8c7KyIXNk
02
февраль
2021

ҚАЛҚАМАН САРИН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» https://youtu.be/AW8c7KyIXNk



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі онлайн-дәрістер арқылы жастар арасында парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуді жалғастыруда.
Кезекті «Адалдық сағатының» қонағы қазіргі таңда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген белгілі ақын Қалқаман Сарин болды.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, әрі ел ішінде танымал талай туындының авторы Қалқаман Сарин өзінің өмірлік ұстанымы ретінде ұлы Абайдың тағылымын алға тартып, «Менің өмірдегі басты ұстанымым – «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», – деген сөздерін келтірді.
Сондай-ақ, жастарды табанды еңбек етуге, тұлғалық дамуға және патриот болуға шақырды. Оның пікірінше, патриот болу үшін ең бірінші 
әр азамат өзінің тарихын оқуы керек, сонда ғана елін, жерін, бабаларын мақтан тұтады.
Ол өзінің жеке өмірі мен мансабында жетістікке жетуге мүмкіндік берген әділеттілік пен адалдық сияқты өмірлік құндылықтарымен бөлісті. Бірінші кезекте ата-анасын мақтан тұтатындығын айта келе, «Анаңның жаққан ошақ отына жылынып, әкеңнің еккен еменінің көлеңкесінде өскен ұрпақ жаман болMayды» , – деді.
Парасатты қоғам құру үшін әрбір адам өзінің санасын жақсылыққа қарай өзгертіп, парасатты ұрпақ тәрбиелеп, заңды, ұлтмыздың дәстүрін сақтау керектігін айтып ойын түйіндеді
 «Адалдық сағатының» негізгі мақсаты – танымал тұлғалардың өмір және еңбек жолы арқылы өскелең ұрпақтың бойына парасаттылық құндылықтарын сіңіру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту.

Бейне-дәріске сілтеме: 
https://youtu.be/AW8c7KyIXNk


Photo Gallery
Маусым айының 1-нен бастап The presidentтік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталадыХабарландыру"Ақша қаражатын жинауға тыйым салу" туралыОқу сабақтарының тоқтатылуыКонкурс қорытындысыОқу сабақтарының тоқтатылуыОқу  сабақтарының тоқтатылуыКөркем еңбек пәні мұғалімінің бос орнына конкурс жариялаймызКонкурс қорытындысы
The calendar
«    Июнь 2025    »
ДбСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
We vote
Оцените наш школьный сайт