10-11 сынып оқушыларына «Мамандығым – өмірімнің айнасы» тақырыбында
Мектептің педагог-кәсіби бағдар берушілері Рукен Гаукербекқызы Мусалиева мен Гүлбану Сапарбайқызы Арпабаеваның ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына «Мамандығым – өмірімнің айнасы» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, кәсіптік бағдар беру. Сабақ барысында оқушыларға мамандық туралы ақпарат, кеңестер ұсынылып, мектеп бітіріп кеткен түлектердің қызметі туралы бейнероликтер көрсетілді.