Психолог - Средняя общеобразовательная школа № 26 https://26-semey.edu.kz/ ru Психолог - Средняя общеобразовательная школа № 26 DataLife Engine 2024-2025 оқу жылындағы мектеп психологының жұмыс жоспары https://26-semey.edu.kz/psiholog/840-2024-2025-ou-zhylynday-mektep-psihologyny-zhmys-zhospary.html https://26-semey.edu.kz/psiholog/840-2024-2025-ou-zhylynday-mektep-psihologyny-zhmys-zhospary.html ]]> ]]> admin Wed, 19 Feb 2025 15:05:47 +0600 Мектеп психологының жұмыс жоспары https://26-semey.edu.kz/psiholog/726-mektep-psihologyny-zhmys-zhospary.html https://26-semey.edu.kz/psiholog/726-mektep-psihologyny-zhmys-zhospary.html Мектеп психологының жұмыс жоспары

жыл

сілтеме

1

2021-2022 

https://drive.google.com/file/d/1UD4uL0OGgP4RiLikRUPyguaGWNRnYgKf/view?usp=sharing

2

2022-2023

https://drive.google.com/file/d/1ZVZ9Vdkn2TJzi_VSf2GQJMDgue77OHT7/view?usp=sharing

3

2023-2024

https://drive.google.com/file/d/1KV268B1V_0XkIux6GeokismBeINYhxpc/view?usp=sharing

4

Кеңес беру журналы

2021-2024

https://drive.google.com/file/d/1Op_yZljWJZ6-nh1RUi7ZJcqBIBbYx_t2/view?usp=sharing

]]>
Мектеп психологының жұмыс жоспары

admin Mon, 22 Apr 2024 15:24:10 +0600
Психологиялық қызметтің 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы ақпарат https://26-semey.edu.kz/psiholog/639-psihologijaly-yzmett-2023-2024-ou-zhylynda-ataran-zhmystary-turaly-aparat.html https://26-semey.edu.kz/psiholog/639-psihologijaly-yzmett-2023-2024-ou-zhylynda-ataran-zhmystary-turaly-aparat.html №26 жалпы орта білім беретін мектептегі психологиялық

қызметтің 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы

ақпарат

      Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту министрлігі  орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы  377 бұйрығына сәйкес мектепте 2023-2024 оқу жылына  арналған жұмыс жоспары жасалды. Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – психологиялық қызметтің бағыттарын басшылыққа ала отырып, білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың психологиялық денсаулығын сақтау бағытында қолдау, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеуде оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру және жүргізу. Жұмыс түрлері  оқушылармен, ата-аналармен және мұғалімдермен  жүргізілді. 

         Атап айтсақ  психикасының дамуын, мектепке дайындығын анықтау мақсатында «Керн-Йирасек» тесті, сонымен қатар кеңістікті бағдарлай алуы мен қол моторикасының даму деңгейін анықтау мақсатында «графикалық диктант» әдістемесі    1сынып оқушыларынан алынды. Баланың мектепке қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында ата-аналарынан да сауалнама алынды. 1,5   сынып оқушыларына «Кел танысайық!», «Біз 5 сыныпқа барамыз» тақырыптарында сабақтар өткізілді. Бастауыш буыннан орта буынға бейімделуін, қобалжу деңгейін анықтау мақсатында 5 сыныптарға зерттеу жұмыстары мен тренингтер өткізілді. Атап айтсақ, «Сабақ оқушы көзімен», «Өзін-өзі бағалау», «Біздің сынып»,  «Менің мектебім» тақырыбында тесттер алынып, «5 сынып дегеніміз не?»  атты психологиялық сағат өткізілді. 1 және 5 сынып оқушыларының зерттеу нәтижелері педагогикалық кеңесте талқыланды. Дарындылық бағытын анықтау мақсатында 3 сынып оқушыларынан тест алынып нәтижесі шығарылды.

        Халықаралық қыздар күніне орай  «Қыз әдебі», «Қыз тазалығы» ұғымдарын терең түсіндіру , өз бойын таза ұстауға үйрету мақсатында  «Қыз тәрбиесі – Ұлт тәрбиесі» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді

9 сынып оқушыларынан кәсіби бағдар бойынша тесттер алынып, тренингтер өткізілді. Атап айтсақ, Голомштоктың «Қызығушылық картасы» әдістемесі, «Алақан бойынша мамандық саласын анықтау» тесттері, бейінді оқытудың бағытын анықтауға байланысты сауалнамалар оқушылардан және ата-аналардан алынып нәтижелері шығарылып, директор жанындағы отырыста қаралды.  Сонымен қатар оқушыларға бағыт бағдар беру, өмірдегі қажетті таңдауды дұрыс жасауына   ақпарат кеғес беру мақсатында «Мамандық таңдау – ең жауапты іс» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. ББМЖ-ға да психологиялық тұрғыда дайындау, оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін жоғарылату мақсатында 4,9 сынып оқушыларына ақпараттар ұсынылып, тренингтер өткізіліп, кеңестер берілді. Атап айтсақ, «Сіз кімсіз?» психогеометриялық тест,  «Өзін өзі бағалау», «Мен қандаймын?» тесттері, «Жылдамдық», «Сілкіп таста!» «Күн тәртібін қалай ұйымдастырамыз?», «Менің бейнем»   тақырыптарында жаттығулар жүргізілді. Мамандық саласын таңдауда оқушылардың кәсіби бағдарын анықтау мақсатында  10 сынып оқушыларынан «Оптант» сауалнамасы алынды. 

      11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар туралы білім қорларын кеңейту және мемлекеттік емтиханды тапсыру мен ҰБТ ға психологиялық дайындықтың тиімді жолдарын ұсыну   мақсатында келесі жұмыстар атқарылды: «Өзін-өзі бағалау», «Білім алу амал тәсілдері», «Сен өз-өзіңе сенімдісің бе?», «Сіз стресске бейімсіз бе? «Мамандық саласын таңдау» тесттері алынып 

нәтижелері шығарылды.  Сонымен қатар, түлектердің жағдаяттық және жеке тұлғалық қобалжу деңгейлерін анықтау мақсатында «Ч.Д.Спиллберг және Ю.Л.Ханиннің «қобалжу шкаласын» анықтау сауалнамалары алынып, кеңестер берілді. Түлектерге мінез-құлық стратегиясы мен эмоционалды басқаруды реттеу жолдарын үйрету мақсатында «Сенімділік - жетістік кілті» тақырыбында тренинг  және  эмоциялық ерік аймағы дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру,  өз-өзіне сенімділіктерін  арттыру мақсатында  «Сенің өмірің қайталанбайтын тарих!» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. 
 9-11 сынып оқушыларына болашақ мамандық және кәсіби   бағдарын таңдауға көмектесу мақсатында «Мамандығым – өмірімнің айнасы» тақырыбында психологиялық сағат өткізіліп, «Мамандықтар әлемі» тақырыбында ақпарат айнасы жасалды және «Заман талабына сай мамандықтар» тақырыбында ақпараттар берілді.  

 Аутодеструктивті мінез-құлық формалары мен алдын алу бағыты басшылыққа алынып жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу мақсатында 5-11 сынып оқушыларына «Адам бойындағы асыл қасиеттер – кісілік құнары»  және 1-4 сынып оқушыларына 

«Менің жағымды және жағымсыз қасиеттерімі тақырыптарында психологиялық сағат өткізілді. Жаман әдеттерден аулақ болу, жағымсыз ортаның қысымына қарсы түру дағдыларын қалыптастыру мақсатында 8-11 сынып оқушыларына «Өмірге қауіп төндіретін зиянды заттарды жарнамалауға қарсымын!» тақырыбында ақпарат кеңестер беріліп, тренингтер жүргізілді.Мамандыққа зор құрметпен қарауға, мұғалімдерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында 5-11 сынып оқушыларының тілектері  жазылған «Ұстаз Күннің құдіретті сәулесі» тақырыбында тілектер тақтасы ұйымдастырылды. Оқушылардың «ұстамдылық», «сабырлылық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.  Сондай ақ оқушыларға сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығын ояту мақсатында  «Ашу-дұшпан, ақыл-дос» тақырыбында психологиялық сағаттар өткізілді. Оқушылардың ата-аналарымен қарым қатынасын , үйдегі психологиялық ахуалын анықтау мақсатында 7 сынып оқушыларынан «Мен және менің ата-анам» тақырыбында сауалнама алынды. Оқушылардың өз өзіне деген жағымды қарым қатынасын дамыту , бойларына сенімділік қасиеттерін арттыру мақсатында  6 сынып оқушыларына «Өз өзіңе мақтау сөз» атты тренинг өткізілді. Оқушылардың арман мақсаттарын, болашаққа деген бағдарын анықтау мақсатында «Армансыз адам- қанатсыз құспен тең»  
 тақырыбында 8 сынып оқушыларынан эссе алынды.

 Қазіргі таңда   балалар неге ашуланшақ, қатігездік қалай пайда болады, әлімжеттікке себеп аясында ата-аналарға «Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік: Қатыгез бала қайдан шығады?» тақырыбында ақпарат ұсынылып кеңестер берілді. Сонымен қатар, ата-аналарға баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағымды әсер ететін тәрбие үрдістерінің әдіс тәсілдерін ұсыну мақсатында  «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді.

      Оқушылардың мінез құлқының пайда болу себептері мен оның алдын алу жолдарын ұсыну мақсатында мұғалімдерге «Девиантты мінез құлықтың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында ақпарат қсынылып, кеңестер берілді. Мұғалімдердің дарынды балалармен  жұмыс қабілетін анықтау мақсатында тест алынып, нәтижесі шығарылды. Сондай ақ «Дарынды балаларды психологиялық қолдау және дамыту» тақырыбында ақпарат кеңестер берілді.

 Абай облысы білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығынан Алғыс хатымен марапатталдым.

]]>
№26 жалпы орта білім беретін мектептегі психологиялық

admin Mon, 01 Apr 2024 13:33:22 +0600
Психологиялық қызметтің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы ақпарат https://26-semey.edu.kz/psiholog/638-psihologijaly-yzmett-2021-2022-ou-zhylynda-ataran-zhmystary-turaly-aparat.html https://26-semey.edu.kz/psiholog/638-psihologijaly-yzmett-2021-2022-ou-zhylynda-ataran-zhmystary-turaly-aparat.html

№26 жалпы орта білім беретін мектептегі психологиялық

қызметтің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

          Мектепте барлығы 366 оқушы екі кезекте оқиды. Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты оқу тәрбие үрдісінде субьектілердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау, психологиялық қолдау көрсету және жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға үлес қосу. Псхологиялық қызмет өз жұмысын бес бағытты басшылыққа ала отырып, жұмыс істейді: 

- Психодиагностика

- Кеңес беру

- Дамыту-түзету

ғартушылық

лдын алу, психологиялық білімді көтеру. 

Аталған бағыттар бойынша оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен жұмыстар жүргізілді. Баланың жалпы психикасының дамуын анықтау мақсатында 1 сынып оқушыларынан «Керн Йирасек» әдістемесі   және кеңістікті баағдарлай алуы мен қол моторикасының даму деңгейін анықтау мақсатында «графикалық диктант» әдістемесі алынды. Ата-аналарынан да баланың қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында   саулнама алынды. Сонымен қатар, бастауыш буыннан орта буынға бейімделуін, қобалжу деңгейін анықтау мақсатында 5ші сыныптарға да  зерттеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ «Сабақ оқушы көзімен», Менің мектебім», «Біздің сынып» тақырыбында тестер алынды. Зерттеу нәтижелері педагогикалық кеңесте талқыланды. 

          Халықаралық қыздар күніне орай 8-11 сыныптың қыз балаларына  әдет ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, шаңырақтың құт берекесі екенін ұғындыру инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында 8-11 сыныптың қыздарына  «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді.

     Аутодеструктивті мінез-құлық формалары мен алдын алу бағыты басшылыққа ала отырып жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ оқушылардыың өмірге құштарлығын, қызығушылықтарын ояту, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Күлімде, Өмір ғажап!» тақырыбында 8-11 сыныптарға психологиялық сағат өткізілді. Сонымен қатар 5-7 сынып оқушыларына «Ата-ананы қадірлеу - басты парызың!» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. Мақсаты оқушылардың бойына ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру ,ата -ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу. Оқушыларға  ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру, «құндылықтарды» бағалай білуге үйрету мақсатында «Өмірге не үшін алғыс айтамын?» тақырыбында тренинг өткізіліп, «Жақындарыма мың алғыс!», «Маған өмір , мен өмірге керекпін!», «Өмірге не үшін алғыс айтамын?» тақырыптарында психологиялық сағаттар, «Уақыттың бос өткені, өмірдің бос кеткені» тақырыбында әңгіме өткізілді.

        9-11 сынып оқушыларына интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында  «Виртуалды әлем - шын өмірдің тек бөлшегі» тақырыптарында психологиялық сағат өткізілді. Сондай ақ «Әлемді сұйіспеншілік құтқарады» тақырыбында сабақ өткізілді.

      Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуіне байланысты психологияляқ тұрғыда дайындау жұмысы бойынша 4 сыныптарда «Мен қандаймын?» тест, «Мен саған сенемін», «Менің Әсемгүлім» , «Менің бейнем күн сәулесінде шағылысуда», «Сіілкіп таста», «Жылдамдық», «Күнтәртібі денсаулық кепілі», «Күншуақты алаңқай» тренингтері өткізілді. 9 сынып оқушыларына «Өзіін өзі бағалау, «Психогеометриялық тест», Голмшток «Қызығушылық картасы» тест, «Сүйіспеншілік жүректе», «Сенімділік күш береді» тренингтері, «Мамандықтар әлемінде» тақырыбында психологиялық сағат, бейінді оқытуға көшуге байланысты сауалнамалар алынып, «Сабаққа қалай дайындалу керек? тақырыбында пайдалы кеңестер берілді. Түлектерге мемлекеттік емтиханға және ҰБТ ге оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындауда «Өзі өзі бағалау», «Психогеометриялық тест», «Темпераментті анықтау» «Сіз қаншалықты өз өзіңізге сенімдісіз?», «Аудиал, визуал, кинестетик?», «Мамандық таңдау», «Сіз қаншалықты стресске бейімсіз?», Спилбергер мен Ханиннің «Жеке тұлғалық қобалжу», Жағдаяттық қобалжу»   тақырыптарында тесттер алынды. Сонымен қатар, «Жұлдызым менің жоғары», «»Менің Мен ағашым»,  «ҰБТ алдындағы қорқынышты мен қалай жеңемін?» , «Сенімділік кілті» психологиялық сағаттар, «Мемлекеттік емтиханға және ҰБТ ге психологиялық дайындық», «Өз эмоцияңды қалай басқару керек? тақырыбында жаттығулар өткізіліп, кеңестер берілді. «Сенің өмірің қайталанбайтын тарих!» аутотренинг өткізілді. 

Ата аналарға «Ата аналар тобын жүргізу және жеткіншектермен жұмыс істеу» Адлер теориясы бойынша , «Мен сені түсінуге тырысамын», «Балам менің баға жетпес байлығым тақырыбында ақпараттар ұсынылып, жаттығулар көрсетіліп, кеңестер берілді. 

      Мұғалімдерге «Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынас», Адлер теориясы бойынша ағартушылық жұмыстар өткізілді. 

Жас мамандарға «Жарқыра,  жаса, Жас маман! тақырыбында психологиялық сағат өткізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен  «Үздік жыл психологы-2021 Республикалық байқаудың облыстық кезеңінде «7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтер»  категориясы бойынша І орын алғаны үшін Дипломмен марапатталдым. Өзін өзі білім жетілдіру курсы бойынша  «Өрлеу» білім беруді дамыту Қоры» Педагог-психологтарға арналған «Орта білім беру мектептеріндегі психолог қызметіндегі әлеуметтік-психологиялық тренингтің

рөлі» тақырыбында  80 сағат көлемінде біліктілігін арттыру бойынша  
 сертификат алдым.

admin Mon, 01 Apr 2024 13:18:03 +0600
Психологиялық қызметтің 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы ақпарат https://26-semey.edu.kz/psiholog/637-psihologijaly-yzmett-2022-2023-ou-zhylynda-ataran-zhmystary-turaly-aparat.html https://26-semey.edu.kz/psiholog/637-psihologijaly-yzmett-2022-2023-ou-zhylynda-ataran-zhmystary-turaly-aparat.html №26 жалпы орта білім беретін мектептегі психологиялық

қызметтің 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы

 ақпарат

        Мектептегі психологиялық қызмет бес бағытты басшылыққа ала отырып, оқу тәрбие үрдісінде субьектілердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау, жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға үлес қосу, оларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында жұмыстар атқарды. Психологиялық қызмет бағыттары бойынша оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен келесі жұмыстар  жүргізілді. 

    1сынып оқушыларынан психикасының дамуын, мектепке дайындығын анықтау мақсатында «Керн-Йирасек» тесті, сонымен қатар кеңістікті бағдарлай алуы мен қол моторикасының даму деңгейін анықтау мақсатында «графикалық диктант» әдістемесі алынды. Баланың мектепке қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында ата-аналарынан да сауалнама алынды.  Бастауыш буыннан орта буынға бейімделуін, қобалжу деңгейін анықтау мақсатында 5 сыныптарға зерттеу жұмыстары мен тренингтер өткізілді. Атап айтсақ, «Сабақ оқушы көзімен», «Өзін-өзі бағалау», «Біздің сынып»,  «Менің мектебім» тақырыбында тесттер алынып, «5 сынып дегеніміз не?»  атты психологиялық сағат өткізілді. 1 және 5 сынып оқушыларының зерттеу нәтижелері педагогикалық кеңесте талқыланды. 

      Халықаралық қыздар күніне орай Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру,  ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы  болуына бағыт беру мақсатында 8-11 сыныптың қыздарына «Өз өміріңді сұлуландыру – өз қолыңда!» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді.

9 сынып оқушыларынан кәсіби бағдар бойынша тесттер алынып, тренингтер өткізілді. Атап айтсақ, Голомштоктың «Қызығушылық картасы» әдістемесі, «Алақан бойынша мамандық саласын анықтау» тесттері алынып, оқушыларға кәсіби бағдар беру, мамандық туралы ұғымдарын кеңейту  мақсатында «Мамандық таңдау - маңызды қадам» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. ББМЖ-ға да психологиялық тұрғыда дайындау, оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін жоғарылату мақсатында 4,9 сынып оқушыларына ақпараттар ұсынылып, кеңестер берілді. Мамандық саласын таңдауда оқушылардың кәсіби бағдарын анықтау мақсатында  10 сынып оқушыларынан «Оптант» сауалнамасы алынды. 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар туралы білім қорларын кеңейту және мемлекеттік емтиханды тапсыру мен ҰБТ ға психологиялық дайындықтың тиімді жолдарын ұсыну   мақсатында келесі жұмыстар атқарылды: «Өзін-өзі бағалау», «Білім алу амал тәсілдері», «Сен өз-өзіңе сенімдісің бе?», «Сіз стресске бейімсіз бе? «Мамандық таңдау» тесттері алынып, түлектерді мамандықтар әлемімен таныстырып, мамандықты дұрыс таңдаудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Мамандықтар әлемі» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. Сонымен қатар, түлектердің жағдаяттық және жеке тұлғалық қобалжу деңгейлерін анықтау мақсатында «Ч.Д.Спиллберг және Ю.Л.Ханиннің қобалжу шкаласын» анықтау сауалнамасы алынып, кеңестер берілді. Стресс туралы түсінік беру, стрестің адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру, жаттығулар арқылы стрестен шығу жолдарын көрсету мақсатында 11 сынып оқушыларына «Стрестің пайдасы мен зияны» тақырыбында ағартушылық жұмыс жүргізілді. Түлектерге мінез-құлық стратегиясы мен эмоционалды басқаруды реттеу жолдарын үйрету мақсатында «Сенімділік - жетістік кілті» тақырыбында тренинг  және  эмоциялық ерік аймағы дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру,  өз-өзіне сенімділіктерін  арттыру мақсатында  «Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі» атты психологиялық сағат өткізілді. 

     Аутодеструктивті мінез-құлық формалары мен алдын алу бағыты басшылыққа алынып жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ,  оқушылардың «отбасы» туралы білім қорларын  шыңдай отырып, отбасы құндылығының маңызын дәріптеу мақсатында 1-11 сынып оқушыларына сынып жетекшілерімен бірлескен «Мен отбасыммен мақтанамын!» атты тақырыпта психологиялық сағат өткізілді. Денсаулық адам баласының ең құнды байлығы, өмірінің тірегі екенін, күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, өз уақыттарын дұрыс пайдалануды үйрету мақсатында 5-11 сынып оқушыларына «Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі – денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 

        Ұстаздар күніне орай алдын ала мұғалімдерге деген сыйластық сүйіспеншілік құрметін көрсетуді ұйымдастыру мақсатында  «Ұстазға – Ұлы құрмет!» тақырыбында сынып жетекшілермен бірлескен гүлдер аллеясы жасалды. Эмоция туралы мағлұмат бере отырып, эмоциялық тепе-теңдікті   сақтай білуге үйрету, жағымсыз эмоцияның адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру мақсатында 6 сынып оқушыларына «Сезім әлемі» және өзара достық қарым-қатынастарын  нығайту мақсатында 7-8 сынып оқушыларына  «Дос іздеп жүрмін» тақырыбында психологиялық сағаттар өткізілді. Сонымен қатар, оқушыларға денсаулық қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстағауға шақыру, салауатты өмір салтын ұстануға дағдылардыру мақсатында  5-11 сынып оқушыларына «Зиянды әдеттерден аулақ болайық!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Болашақ мақсаттарына жетуге деген құштарлығын анықтау   үшін  9-11сыныптарынан «Менің арманым - менің болашағым» және  7-8 сыныптарынан «Арманым -  асыл мұратым» тақырыбында эссе алынды. Өмірге деген бейімділігін, табандылық, қарым-қатынастарын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру мақсатында 8 сынып оқушыларына «Менің өмірлік қағидам» атты тренинг өткізілді.  Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында «Дарындылық - даналық кілті тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. Әлеуметтік психологиялық климатты құру, өзін-өзі тану процесін тереңірек дамыту, топтың көмегі арқылы өзін-өзі тану жолдарын ұсыну мақсатында 4 сынып оқушыларына «Өзіңді таны» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. «Өмір», «өмір құндылықтарын» бағалалау, «өмірдің мәні» ұғымдарын, өмірге деген құштарлығын анықтау мақсатында 8-11 сынып оқушыларынан «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында эссе алынды. Жеке тұлғалық ерекшеліктерін, өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында 4 сыныптарға «Мен қандаймын?» тақырыбында тренинг өткізілді. Қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын түсіндіру, кеңес беру мақсатында 8 сынып оқушыларына «Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. Оқушылардың үйдегі психологиялық ахуалын және олардың ата-аналарымен өзара қарым-қатынастарын анықтау мақсатында 7 сынып оқушыларынан «Мен және менің ата-анам» тақырыбында сауалнама алынды. Оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын , қызығушылықтарын ояту, өмірді қадірлей, бағалай білуге үйрету мақсатында 7 сынып оқушыларына «Өмір қымбат сый» тақырыбында тренинг өткізілді.   Алғыс айту күніне орай ризашылық сезімді білдіру түсінігін кеңейту, оқушылардың бойында мейірімділік сезімін   ояту, эмоциясына ықпал ету, ой талғамын жетілдіру мақсатында 1-11 сыныптардың тілектері жазылған      «Шын жүректен!», «Біздің сыныптың жүрегі» атты тілек бұрышы стенді жасалды. Бүкіләлемдік өрмек  ғаламторға байланысты екенін оқушыларға түсіндіріп,  толық дұрыс ой қалыптастыру мақсатында  5-7 сыныптарға «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. Салауатты өмір салтын ұстанудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі» тақырыбында 10 сынып оқушыларына баяндама оқылды. Оқушылардың өмірге құштарлығын арттыру,   өмірдің мәнін терең деңгейде сезіне білуіне әсер ету, айналасына деген көзқарасын жақсарту мақсатында «Өмірге жағымды көзқарасты қалыптастыру» тақырыбында психологиялық сағат 9-11 сыныптарға   өткізілді. Жағымсыз ахуалдан арылу жолын ұсыну, жайлы көңіл-күй тудыру мақсатында 5-7 сынып оқушыларынан «Менің өмірімдегі ең керемет күн!» атты тақырыпта эссе алынды. 

      Ата аналарға: Оқушылар арасында кибербуллингтің алдын алу, олардың әлеуметтік желілердегі мінез-құлық мәдениеті туралы ақпарат, кеңес беру мақсатында 1-11 сыныптың ата-аналарына «Кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында ағартушылық, алдын алу жұмысы өткізілді. Балалардың теледидар арқылы көрсетілген зорлық-зомбылық, агрессияға бейім жағымсыз мінез-құлқының қалыптасуының алдын алу мақсатында 1-7 сынып оқушыларының ата-аналарына «Мультфильмдердің бала психикасына әсері» тақырыбында ағартушылық жұмыстар жүргізіліп, кеңестер берілді. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру мақсатында 1-11 сыныптың ата-аналарына «Жапырақ - тамырдан нәр алады» тақырыбында  
 ағартушылық бағыт бойынша психологиялық сағат өткізілді. 

Түлектердің ата-аналарына баламен қарым-қатынас жасаудың тиімді әдістерін ұсыну, емтиханға , ҰБТға дайындық кезінде психологиялық қолдау көрсетудің тиімді жолдарын түсіндіру мақсатында кеңестер берілді. 

        Мұғалімдерге: күйзеліске теориялық тұрғыда ақпарат беріп, оны бейтараптандыру мен шешу жолын көрсету, меңгерту мақсатында «Күйзелістен қалай арылуға болады?» тақырыбында ағартушылық жұмыс жүргізілді. Жас мамандардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіру, өздерін ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне,   бейімделуіне ықпал жасау   мақсатында «Жас келсе, іске!» тақырыбында тренинг өткізіліп, кеңестер берілді. Әдістемелік кеңесте бала мінез-құлқындағы ерекшеліктер, аталған типтегі оқушылармен қалай жұмыс жасау керек, олармен қарым-қатынас орнатудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну, ақпарат кеңес беру мақсатында мұғалімдерге «Гипербелсенді балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мәні» тақырыбында ағартушылық жұмыстар өткізілді

 «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен өткізген «Баланың сезіміне   ата-ананың әсер ету тәсілдері» облыстық семинар-практикумында өз тәжірибеммен бөліскенім үшін сертификат берілді.

admin Mon, 01 Apr 2024 13:14:27 +0600
2022-2023 оқу жылындағы мектеп психологының жұмыс жоспары https://26-semey.edu.kz/psiholog/635-2022-2023-ou-zhylynday-mektep-psihologyny-zhmys-zhospary.html https://26-semey.edu.kz/psiholog/635-2022-2023-ou-zhylynday-mektep-psihologyny-zhmys-zhospary.html

]]>

]]>
admin Mon, 01 Apr 2024 13:08:38 +0600
2023-2024 оқу жылындағы мектеп психологының жұмыс жоспары https://26-semey.edu.kz/psiholog/634-2023-2024-ou-zhylynday-mektep-psihologyny-zhmys-zhospary.html https://26-semey.edu.kz/psiholog/634-2023-2024-ou-zhylynday-mektep-psihologyny-zhmys-zhospary.html

]]>

]]>
admin Mon, 01 Apr 2024 13:05:51 +0600
2021-2022 оқу жылындағы мектеп психологының жұмыс жоспары https://26-semey.edu.kz/psiholog/633-2021-2022-ou-zhylynday-mektep-psihologyny-zhmys-zhospary.html https://26-semey.edu.kz/psiholog/633-2021-2022-ou-zhylynday-mektep-psihologyny-zhmys-zhospary.html

]]>

]]>
admin Mon, 01 Apr 2024 12:43:17 +0600