Психологиялық қызметтің 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы ақпарат » Средняя общеобразовательная школа № 26
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№26 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 50-18-26
Есепші бөлімі:
+7(7222) 50-24-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психологиялық қызметтің 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
01
апрель
2024

Психологиялық қызметтің 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

№26 жалпы орта білім беретін мектептегі психологиялық

қызметтің 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы

 ақпарат


        Мектептегі психологиялық қызмет бес бағытты басшылыққа ала отырып, оқу тәрбие үрдісінде субьектілердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау, жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға үлес қосу, оларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында жұмыстар атқарды. Психологиялық қызмет бағыттары бойынша оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен келесі жұмыстар  жүргізілді. 

    1сынып оқушыларынан психикасының дамуын, мектепке дайындығын анықтау мақсатында «Керн-Йирасек» тесті, сонымен қатар кеңістікті бағдарлай алуы мен қол моторикасының даму деңгейін анықтау мақсатында «графикалық диктант» әдістемесі алынды. Баланың мектепке қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында ата-аналарынан да сауалнама алынды.  Бастауыш буыннан орта буынға бейімделуін, қобалжу деңгейін анықтау мақсатында 5 сыныптарға зерттеу жұмыстары мен тренингтер өткізілді. Атап айтсақ, «Сабақ оқушы көзімен», «Өзін-өзі бағалау», «Біздің сынып»,  «Менің мектебім» тақырыбында тесттер алынып, «5 сынып дегеніміз не?»  атты психологиялық сағат өткізілді. 1 және 5 сынып оқушыларының зерттеу нәтижелері педагогикалық кеңесте талқыланды. 

      Халықаралық қыздар күніне орай Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру,  ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы  болуына бағыт беру мақсатында 8-11 сыныптың қыздарына «Өз өміріңді сұлуландыру – өз қолыңда!» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді.


9 сынып оқушыларынан кәсіби бағдар бойынша тесттер алынып, тренингтер өткізілді. Атап айтсақ, Голомштоктың «Қызығушылық картасы» әдістемесі, «Алақан бойынша мамандық саласын анықтау» тесттері алынып, оқушыларға кәсіби бағдар беру, мамандық туралы ұғымдарын кеңейту  мақсатында «Мамандық таңдау - маңызды қадам» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. ББМЖ-ға да психологиялық тұрғыда дайындау, оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін жоғарылату мақсатында 4,9 сынып оқушыларына ақпараттар ұсынылып, кеңестер берілді. Мамандық саласын таңдауда оқушылардың кәсіби бағдарын анықтау мақсатында  10 сынып оқушыларынан «Оптант» сауалнамасы алынды. 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар туралы білім қорларын кеңейту және мемлекеттік емтиханды тапсыру мен ҰБТ ға психологиялық дайындықтың тиімді жолдарын ұсыну   мақсатында келесі жұмыстар атқарылды: «Өзін-өзі бағалау», «Білім алу амал тәсілдері», «Сен өз-өзіңе сенімдісің бе?», «Сіз стресске бейімсіз бе? «Мамандық таңдау» тесттері алынып, түлектерді мамандықтар әлемімен таныстырып, мамандықты дұрыс таңдаудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Мамандықтар әлемі» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. Сонымен қатар, түлектердің жағдаяттық және жеке тұлғалық қобалжу деңгейлерін анықтау мақсатында «Ч.Д.Спиллберг және Ю.Л.Ханиннің қобалжу шкаласын» анықтау сауалнамасы алынып, кеңестер берілді. Стресс туралы түсінік беру, стрестің адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру, жаттығулар арқылы стрестен шығу жолдарын көрсету мақсатында 11 сынып оқушыларына «Стрестің пайдасы мен зияны» тақырыбында ағартушылық жұмыс жүргізілді. Түлектерге мінез-құлық стратегиясы мен эмоционалды басқаруды реттеу жолдарын үйрету мақсатында «Сенімділік - жетістік кілті» тақырыбында тренинг  және  эмоциялық ерік аймағы дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру,  өз-өзіне сенімділіктерін  арттыру мақсатында  «Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі» атты психологиялық сағат өткізілді. 

     Аутодеструктивті мінез-құлық формалары мен алдын алу бағыты басшылыққа алынып жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ,  оқушылардың «отбасы» туралы білім қорларын  шыңдай отырып, отбасы құндылығының маңызын дәріптеу мақсатында 1-11 сынып оқушыларына сынып жетекшілерімен бірлескен «Мен отбасыммен мақтанамын!» атты тақырыпта психологиялық сағат өткізілді. Денсаулық адам баласының ең құнды байлығы, өмірінің тірегі екенін, күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, өз уақыттарын дұрыс пайдалануды үйрету мақсатында 5-11 сынып оқушыларына «Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі – денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 

        Ұстаздар күніне орай алдын ала мұғалімдерге деген сыйластық сүйіспеншілік құрметін көрсетуді ұйымдастыру мақсатында  «Ұстазға – Ұлы құрмет!» тақырыбында сынып жетекшілермен бірлескен гүлдер аллеясы жасалды. Эмоция туралы мағлұмат бере отырып, эмоциялық тепе-теңдікті   сақтай білуге үйрету, жағымсыз эмоцияның адам денсаулығына кері әсерін түсіндіру мақсатында 6 сынып оқушыларына «Сезім әлемі» және өзара достық қарым-қатынастарын  нығайту мақсатында 7-8 сынып оқушыларына  «Дос іздеп жүрмін» тақырыбында психологиялық сағаттар өткізілді. Сонымен қатар, оқушыларға денсаулық қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстағауға шақыру, салауатты өмір салтын ұстануға дағдылардыру мақсатында  5-11 сынып оқушыларына «Зиянды әдеттерден аулақ болайық!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Болашақ мақсаттарына жетуге деген құштарлығын анықтау   үшін  9-11сыныптарынан «Менің арманым - менің болашағым» және  7-8 сыныптарынан «Арманым -  асыл мұратым» тақырыбында эссе алынды. Өмірге деген бейімділігін, табандылық, қарым-қатынастарын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру мақсатында 8 сынып оқушыларына «Менің өмірлік қағидам» атты тренинг өткізілді.  Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында «Дарындылық - даналық кілті тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. Әлеуметтік психологиялық климатты құру, өзін-өзі тану процесін тереңірек дамыту, топтың көмегі арқылы өзін-өзі тану жолдарын ұсыну мақсатында 4 сынып оқушыларына «Өзіңді таны» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. «Өмір», «өмір құндылықтарын» бағалалау, «өмірдің мәні» ұғымдарын, өмірге деген құштарлығын анықтау мақсатында 8-11 сынып оқушыларынан «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында эссе алынды. Жеке тұлғалық ерекшеліктерін, өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында 4 сыныптарға «Мен қандаймын?» тақырыбында тренинг өткізілді. Қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын түсіндіру, кеңес беру мақсатында 8 сынып оқушыларына «Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. Оқушылардың үйдегі психологиялық ахуалын және олардың ата-аналарымен өзара қарым-қатынастарын анықтау мақсатында 7 сынып оқушыларынан «Мен және менің ата-анам» тақырыбында сауалнама алынды. Оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын , қызығушылықтарын ояту, өмірді қадірлей, бағалай білуге үйрету мақсатында 7 сынып оқушыларына «Өмір қымбат сый» тақырыбында тренинг өткізілді.   Алғыс айту күніне орай ризашылық сезімді білдіру түсінігін кеңейту, оқушылардың бойында мейірімділік сезімін   ояту, эмоциясына ықпал ету, ой талғамын жетілдіру мақсатында 1-11 сыныптардың тілектері жазылған      «Шын жүректен!», «Біздің сыныптың жүрегі» атты тілек бұрышы стенді жасалды. Бүкіләлемдік өрмек  ғаламторға байланысты екенін оқушыларға түсіндіріп,  толық дұрыс ой қалыптастыру мақсатында  5-7 сыныптарға «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. Салауатты өмір салтын ұстанудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында «Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі» тақырыбында 10 сынып оқушыларына баяндама оқылды. Оқушылардың өмірге құштарлығын арттыру,   өмірдің мәнін терең деңгейде сезіне білуіне әсер ету, айналасына деген көзқарасын жақсарту мақсатында «Өмірге жағымды көзқарасты қалыптастыру» тақырыбында психологиялық сағат 9-11 сыныптарға   өткізілді. Жағымсыз ахуалдан арылу жолын ұсыну, жайлы көңіл-күй тудыру мақсатында 5-7 сынып оқушыларынан «Менің өмірімдегі ең керемет күн!» атты тақырыпта эссе алынды. 

      Ата аналарға: Оқушылар арасында кибербуллингтің алдын алу, олардың әлеуметтік желілердегі мінез-құлық мәдениеті туралы ақпарат, кеңес беру мақсатында 1-11 сыныптың ата-аналарына «Кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында ағартушылық, алдын алу жұмысы өткізілді. Балалардың теледидар арқылы көрсетілген зорлық-зомбылық, агрессияға бейім жағымсыз мінез-құлқының қалыптасуының алдын алу мақсатында 1-7 сынып оқушыларының ата-аналарына «Мультфильмдердің бала психикасына әсері» тақырыбында ағартушылық жұмыстар жүргізіліп, кеңестер берілді. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру мақсатында 1-11 сыныптың ата-аналарына «Жапырақ - тамырдан нәр алады» тақырыбында  
 ағартушылық бағыт бойынша психологиялық сағат өткізілді. 



Түлектердің ата-аналарына баламен қарым-қатынас жасаудың тиімді әдістерін ұсыну, емтиханға , ҰБТға дайындық кезінде психологиялық қолдау көрсетудің тиімді жолдарын түсіндіру мақсатында кеңестер берілді. 

        Мұғалімдерге: күйзеліске теориялық тұрғыда ақпарат беріп, оны бейтараптандыру мен шешу жолын көрсету, меңгерту мақсатында «Күйзелістен қалай арылуға болады?» тақырыбында ағартушылық жұмыс жүргізілді. Жас мамандардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіру, өздерін ұжымның бір бөлшегі ретінде сезінуіне,   бейімделуіне ықпал жасау   мақсатында «Жас келсе, іске!» тақырыбында тренинг өткізіліп, кеңестер берілді. Әдістемелік кеңесте бала мінез-құлқындағы ерекшеліктер, аталған типтегі оқушылармен қалай жұмыс жасау керек, олармен қарым-қатынас орнатудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну, ақпарат кеңес беру мақсатында мұғалімдерге «Гипербелсенді балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мәні» тақырыбында ағартушылық жұмыстар өткізілді

 «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен өткізген «Баланың сезіміне   ата-ананың әсер ету тәсілдері» облыстық семинар-практикумында өз тәжірибеммен бөліскенім үшін сертификат берілді.



Фотогалерея
Маусым айының 1-нен бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталадыХабарландыру"Ақша қаражатын жинауға тыйым салу" туралыОқу сабақтарының тоқтатылуыКонкурс қорытындысыОқу сабақтарының тоқтатылуыОқу  сабақтарының тоқтатылуыКөркем еңбек пәні мұғалімінің бос орнына конкурс жариялаймызКонкурс қорытындысы
Күнтізбе
«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
Дауыс береміз
Оцените наш школьный сайт