Психологиялық қызметтің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы ақпарат » Средняя общеобразовательная школа № 26
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№26 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 50-18-26
Есепші бөлімі:
+7(7222) 50-24-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психологиялық қызметтің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
01
апрель
2024

Психологиялық қызметтің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

№26 жалпы орта білім беретін мектептегі психологиялық

қызметтің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

          Мектепте барлығы 366 оқушы екі кезекте оқиды. Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты оқу тәрбие үрдісінде субьектілердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау, психологиялық қолдау көрсету және жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға үлес қосу. Псхологиялық қызмет өз жұмысын бес бағытты басшылыққа ала отырып, жұмыс істейді: 

- Психодиагностика

- Кеңес беру

- Дамыту-түзету

ғартушылық

лдын алу, психологиялық білімді көтеру. 

Аталған бағыттар бойынша оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен жұмыстар жүргізілді. Баланың жалпы психикасының дамуын анықтау мақсатында 1 сынып оқушыларынан «Керн Йирасек» әдістемесі   және кеңістікті баағдарлай алуы мен қол моторикасының даму деңгейін анықтау мақсатында «графикалық диктант» әдістемесі алынды. Ата-аналарынан да баланың қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында   саулнама алынды. Сонымен қатар, бастауыш буыннан орта буынға бейімделуін, қобалжу деңгейін анықтау мақсатында 5ші сыныптарға да  зерттеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ «Сабақ оқушы көзімен», Менің мектебім», «Біздің сынып» тақырыбында тестер алынды. Зерттеу нәтижелері педагогикалық кеңесте талқыланды. 

          Халықаралық қыздар күніне орай 8-11 сыныптың қыз балаларына  әдет ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, шаңырақтың құт берекесі екенін ұғындыру инабаттылыққа тәрбиелеу мақсатында 8-11 сыныптың қыздарына  «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді.

     Аутодеструктивті мінез-құлық формалары мен алдын алу бағыты басшылыққа ала отырып жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ оқушылардыың өмірге құштарлығын, қызығушылықтарын ояту, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында «Күлімде, Өмір ғажап!» тақырыбында 8-11 сыныптарға психологиялық сағат өткізілді. Сонымен қатар 5-7 сынып оқушыларына «Ата-ананы қадірлеу - басты парызың!» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. Мақсаты оқушылардың бойына ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру ,ата -ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу. Оқушыларға  ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру, «құндылықтарды» бағалай білуге үйрету мақсатында «Өмірге не үшін алғыс айтамын?» тақырыбында тренинг өткізіліп, «Жақындарыма мың алғыс!», «Маған өмір , мен өмірге керекпін!», «Өмірге не үшін алғыс айтамын?» тақырыптарында психологиялық сағаттар, «Уақыттың бос өткені, өмірдің бос кеткені» тақырыбында әңгіме өткізілді.

        9-11 сынып оқушыларына интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында  «Виртуалды әлем - шын өмірдің тек бөлшегі» тақырыптарында психологиялық сағат өткізілді. Сондай ақ «Әлемді сұйіспеншілік құтқарады» тақырыбында сабақ өткізілді.


      Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуіне байланысты психологияляқ тұрғыда дайындау жұмысы бойынша 4 сыныптарда «Мен қандаймын?» тест, «Мен саған сенемін», «Менің Әсемгүлім» , «Менің бейнем күн сәулесінде шағылысуда», «Сіілкіп таста», «Жылдамдық», «Күнтәртібі денсаулық кепілі», «Күншуақты алаңқай» тренингтері өткізілді. 9 сынып оқушыларына «Өзіін өзі бағалау, «Психогеометриялық тест», Голмшток «Қызығушылық картасы» тест, «Сүйіспеншілік жүректе», «Сенімділік күш береді» тренингтері, «Мамандықтар әлемінде» тақырыбында психологиялық сағат, бейінді оқытуға көшуге байланысты сауалнамалар алынып, «Сабаққа қалай дайындалу керек? тақырыбында пайдалы кеңестер берілді. Түлектерге мемлекеттік емтиханға және ҰБТ ге оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындауда «Өзі өзі бағалау», «Психогеометриялық тест», «Темпераментті анықтау» «Сіз қаншалықты өз өзіңізге сенімдісіз?», «Аудиал, визуал, кинестетик?», «Мамандық таңдау», «Сіз қаншалықты стресске бейімсіз?», Спилбергер мен Ханиннің «Жеке тұлғалық қобалжу», Жағдаяттық қобалжу»   тақырыптарында тесттер алынды. Сонымен қатар, «Жұлдызым менің жоғары», «»Менің Мен ағашым»,  «ҰБТ алдындағы қорқынышты мен қалай жеңемін?» , «Сенімділік кілті» психологиялық сағаттар, «Мемлекеттік емтиханға және ҰБТ ге психологиялық дайындық», «Өз эмоцияңды қалай басқару керек? тақырыбында жаттығулар өткізіліп, кеңестер берілді. «Сенің өмірің қайталанбайтын тарих!» аутотренинг өткізілді. 

Ата аналарға «Ата аналар тобын жүргізу және жеткіншектермен жұмыс істеу» Адлер теориясы бойынша , «Мен сені түсінуге тырысамын», «Балам менің баға жетпес байлығым тақырыбында ақпараттар ұсынылып, жаттығулар көрсетіліп, кеңестер берілді. 



      Мұғалімдерге «Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынас», Адлер теориясы бойынша ағартушылық жұмыстар өткізілді. 



Жас мамандарға «Жарқыра,  жаса, Жас маман! тақырыбында психологиялық сағат өткізілді.



«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен  «Үздік жыл психологы-2021 Республикалық байқаудың облыстық кезеңінде «7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтер»  категориясы бойынша І орын алғаны үшін Дипломмен марапатталдым. Өзін өзі білім жетілдіру курсы бойынша  «Өрлеу» білім беруді дамыту Қоры» Педагог-психологтарға арналған «Орта білім беру мектептеріндегі психолог қызметіндегі әлеуметтік-психологиялық тренингтің

рөлі» тақырыбында  80 сағат көлемінде біліктілігін арттыру бойынша  
 сертификат алдым.



Фотогалерея
Маусым айының 1-нен бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталадыХабарландыру"Ақша қаражатын жинауға тыйым салу" туралыОқу сабақтарының тоқтатылуыКонкурс қорытындысыОқу сабақтарының тоқтатылуыОқу  сабақтарының тоқтатылуыКөркем еңбек пәні мұғалімінің бос орнына конкурс жариялаймызКонкурс қорытындысы
Күнтізбе
«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
Дауыс береміз
Оцените наш школьный сайт