Психологиялық қызметтің 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы ақпарат
№26 жалпы орта білім беретін мектептегі психологиялық
қызметтің 2023-2024 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы
ақпарат
Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы 377 бұйрығына сәйкес мектепте 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалды. Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – психологиялық қызметтің бағыттарын басшылыққа ала отырып, білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың психологиялық денсаулығын сақтау бағытында қолдау, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеуде оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру және жүргізу. Жұмыс түрлері оқушылармен, ата-аналармен және мұғалімдермен жүргізілді.
Атап айтсақ психикасының дамуын, мектепке дайындығын анықтау мақсатында «Керн-Йирасек» тесті, сонымен қатар кеңістікті бағдарлай алуы мен қол моторикасының даму деңгейін анықтау мақсатында «графикалық диктант» әдістемесі 1сынып оқушыларынан алынды. Баланың мектепке қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында ата-аналарынан да сауалнама алынды. 1,5 сынып оқушыларына «Кел танысайық!», «Біз 5 сыныпқа барамыз» тақырыптарында сабақтар өткізілді. Бастауыш буыннан орта буынға бейімделуін, қобалжу деңгейін анықтау мақсатында 5 сыныптарға зерттеу жұмыстары мен тренингтер өткізілді. Атап айтсақ, «Сабақ оқушы көзімен», «Өзін-өзі бағалау», «Біздің сынып», «Менің мектебім» тақырыбында тесттер алынып, «5 сынып дегеніміз не?» атты психологиялық сағат өткізілді. 1 және 5 сынып оқушыларының зерттеу нәтижелері педагогикалық кеңесте талқыланды. Дарындылық бағытын анықтау мақсатында 3 сынып оқушыларынан тест алынып нәтижесі шығарылды.


9 сынып оқушыларынан кәсіби бағдар бойынша тесттер алынып, тренингтер өткізілді. Атап айтсақ, Голомштоктың «Қызығушылық картасы» әдістемесі, «Алақан бойынша мамандық саласын анықтау» тесттері, бейінді оқытудың бағытын анықтауға байланысты сауалнамалар оқушылардан және ата-аналардан алынып нәтижелері шығарылып, директор жанындағы отырыста қаралды. Сонымен қатар оқушыларға бағыт бағдар беру, өмірдегі қажетті таңдауды дұрыс жасауына ақпарат кеғес беру мақсатында «Мамандық таңдау – ең жауапты іс» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді. ББМЖ-ға да психологиялық тұрғыда дайындау, оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін жоғарылату мақсатында 4,9 сынып оқушыларына ақпараттар ұсынылып, тренингтер өткізіліп, кеңестер берілді. Атап айтсақ, «Сіз кімсіз?» психогеометриялық тест, «Өзін өзі бағалау», «Мен қандаймын?» тесттері, «Жылдамдық», «Сілкіп таста!» «Күн тәртібін қалай ұйымдастырамыз?», «Менің бейнем» тақырыптарында жаттығулар жүргізілді. Мамандық саласын таңдауда оқушылардың кәсіби бағдарын анықтау мақсатында 10 сынып оқушыларынан «Оптант» сауалнамасы алынды.
11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар туралы білім қорларын кеңейту және мемлекеттік емтиханды тапсыру мен ҰБТ ға психологиялық дайындықтың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында келесі жұмыстар атқарылды: «Өзін-өзі бағалау», «Білім алу амал тәсілдері», «Сен өз-өзіңе сенімдісің бе?», «Сіз стресске бейімсіз бе? «Мамандық саласын таңдау» тесттері алынып


нәтижелері шығарылды. Сонымен қатар, түлектердің жағдаяттық және жеке тұлғалық қобалжу деңгейлерін анықтау мақсатында «Ч.Д.Спиллберг және Ю.Л.Ханиннің «қобалжу шкаласын» анықтау сауалнамалары алынып, кеңестер берілді. Түлектерге мінез-құлық стратегиясы мен эмоционалды басқаруды реттеу жолдарын үйрету мақсатында «Сенімділік - жетістік кілті» тақырыбында тренинг және эмоциялық ерік аймағы дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, өз-өзіне сенімділіктерін арттыру мақсатында «Сенің өмірің қайталанбайтын тарих!» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді.
9-11 сынып оқушыларына болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауға көмектесу мақсатында «Мамандығым – өмірімнің айнасы» тақырыбында психологиялық сағат өткізіліп, «Мамандықтар әлемі» тақырыбында ақпарат айнасы жасалды және «Заман талабына сай мамандықтар» тақырыбында ақпараттар берілді.
«Менің жағымды және жағымсыз қасиеттерімі тақырыптарында психологиялық сағат өткізілді. Жаман әдеттерден аулақ болу, жағымсыз ортаның қысымына қарсы түру дағдыларын қалыптастыру мақсатында 8-11 сынып оқушыларына «Өмірге қауіп төндіретін зиянды заттарды жарнамалауға қарсымын!» тақырыбында ақпарат кеңестер беріліп, тренингтер жүргізілді.Мамандыққа зор құрметпен қарауға, мұғалімдерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында 5-11 сынып оқушыларының тілектері жазылған «Ұстаз Күннің құдіретті сәулесі» тақырыбында тілектер тақтасы ұйымдастырылды. Оқушылардың «ұстамдылық», «сабырлылық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту. Сондай ақ оқушыларға сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығын ояту мақсатында «Ашу-дұшпан, ақыл-дос» тақырыбында психологиялық сағаттар өткізілді. Оқушылардың ата-аналарымен қарым қатынасын , үйдегі психологиялық ахуалын анықтау мақсатында 7 сынып оқушыларынан «Мен және менің ата-анам» тақырыбында сауалнама алынды. Оқушылардың өз өзіне деген жағымды қарым қатынасын дамыту , бойларына сенімділік қасиеттерін арттыру мақсатында 6 сынып оқушыларына «Өз өзіңе мақтау сөз» атты тренинг өткізілді. Оқушылардың арман мақсаттарын, болашаққа деген бағдарын анықтау мақсатында «Армансыз адам- қанатсыз құспен тең»
тақырыбында 8 сынып оқушыларынан эссе алынды.
Қазіргі таңда балалар неге ашуланшақ, қатігездік қалай пайда болады, әлімжеттікке себеп аясында ата-аналарға «Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік: Қатыгез бала қайдан шығады?» тақырыбында ақпарат ұсынылып кеңестер берілді. Сонымен қатар, ата-аналарға баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағымды әсер ететін тәрбие үрдістерінің әдіс тәсілдерін ұсыну мақсатында «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбында психологиялық сағат өткізілді.
Оқушылардың мінез құлқының пайда болу себептері мен оның алдын алу жолдарын ұсыну мақсатында мұғалімдерге «Девиантты мінез құлықтың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында ақпарат қсынылып, кеңестер берілді. Мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс қабілетін анықтау мақсатында тест алынып, нәтижесі шығарылды. Сондай ақ «Дарынды балаларды психологиялық қолдау және дамыту» тақырыбында ақпарат кеңестер берілді.


Абай облысы білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығынан Алғыс хатымен марапатталдым.
